Соналы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

A- A A+

Соналы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Средняя образовательная школа Соналы » коммунальное государственное учреждение

Developed in conjunction with Joomla extensions.

Жаднамалар онлайн форматта таныстырылды.

Соналы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Жұбановтың басшылығымен оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Соналы мектебінің ата-аналары назарына өрт, су қауіпсіздігіне байланысты жаднамалар онлайн форматта таныстырылды.

"Бейбітшілік пен келісім"

Қашықтықтан оқыту жағдайында мектептің оқу процесімен қатар  тәрбие жұмысы да сол бағытқа бейімделіп үлгерді. 

#BizBirgemiz

Елімізде белең алған қауіпті індет COVID-19 республиканың түкпір-түкпіріне жайылды.

Қашықтықтан оқыту

Төртінші оқу тоқсанын қашықтықтан оқытуға көшкелі екі аптадай уақыт өтті.

#Bizbirgemiz

Ел аумағында кең етек жайған пандемия ауруының алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігі бірқатар ауқымды шараларға мұрындық болып келеді.

Бiз туралы

Білім беру ұйымының атауы: Соналы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім беру ұйымының мақсаты:

-Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау:

-Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектептің педагогика-психологиялық кеңістігінде баланың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалының дамуына ықпал жасау;

-Жеке тұлғаға бағытталған мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологиялар мен әдістерді бейімдеу және енгізу;

-Баланы жан-жақты мәдениетті, қазақ халық педагогикасы қағидаларына бағыттап, алдыңғы қатарлы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу;

-Ақпараттандыру құралдарын кеңінен қолдану.

Білім стандарттарын орындау, Бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

-Жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндегін және қызығушылығын ескере отырып, сапалы білім алуға жағдай жасау;

-Оқушының бойында адамгершілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық өзін-өзі қадірлей алатын, өзіне талап қоя алатын қасиеттерге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

-Шығармашылық еңбек ететін мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін шығармашылық топтар ұйымдастыру.

-Оқу-тәрбие үрдісіндегі диагностика мен мониторинг жүйесін жетілдіру;

-Оқушылардың жалпы мәдениетін бағытын күшейту;

-Мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін анықтау.

Құрылымы:

Бірінші саты– бастауыш сыныптар (1-4 сыныптар). Бұл кезеңде баланың алғашқы сауаттылық негіздерін, жалпы оқу біліктері мен дағдыларының негіздерін қалайды.

Екінші саты – жалпы негізгі білім беру (5-9 сыныптар). Бұл сатыда оқушылардың белгілі бір білім салаларына қызығушылықтарының дамуы тереңдету бағдарламалары және қосымша білім беру арқылы жүзеге асады. Бағдаралды дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Үшінші саты – жалпы орта білім беру (10-11 сыныптар). Бұл буында жеке пәндерге қызығушылық пен қабілет танытқан оқушыларға бағдарына сай және кейбір қолданбалы салалар бойынша терең теориялық және практикалық білімдерді меңгеру үшін жағдай жасалады.

Әкімшілік басқару қызметкерлерінің құрамы туралы мәлімет

 

Аты-жөні (құжат бойынша толық)

Туған күні, айы, жылы

Бітірген оқу орны, жылы

Лауазымы

Жалпы еңбек өтілі

Курстан өткен жылы, сертиф №

Тақырыбы

Деңгейлік курстан өтуі, І, ІІ, ІІІ, жылы, сертиф №

1

Нургалиев Суйесин Кайыркулович

28.12.1960

БҚМУ-2004 ОПИ-1985

Мектеп директоры

6 жыл

30жыл

ОПКБАИ №087869 тарих-2006

Тарих және қоғамдық пәндердің берілуін жетлідірудің теориясы және әдістемелік мәселелер.

 

4

Урашева Гулдана Баксибаевна

22.09.1989

ПК-09 БҚМУ-2016

ДТІЖО 5 жыл

7

"Өрлеу"БАҰО АҚ №0037224-2015

Smart Education үдерісін енгізу жағдайында оқытушылардың біліктілігін арттырудың педагогикалық-технологиялық негіздері.

 

11

Куанаева Нурганым Сагинбаевна

18.03.1980

БҚМУ-2004 ОПК-2000

ДОІЖО 4 ай 

16

ОПКБАИ №0131313

12 жылдық білім беруде құзіреттілікті қалыптастыру.

Өрлеу БАҰО АҚ0014929-ІІІ деңгей -2014

 

Жұмыс кестесі.

Бірінші ауысым –сабақ кестесі.

1.08.30-09.15

2.09.20-10.05

3.10.20-11.05

4.11.20-12.05

5.12.10-12.55

6.13.00-13-45

 

Екінші ауысым-сабақ кестесі.

1.14.15-15.00

2.15.05-15.50

3.16.05-16.50

4.17.05-17.50

5.17.55-18.40

6.18.45-19.30

Мектеп директоры:Нургалиев Суйесин Кайркулович

Мектеп бойынша жалпы мәлімет

Оқу үрдісінің құрылымы 3 басқышта жұмыс істейді. Бастауыш буын 1-4 сыныптар, 5-9 сыныптарда негізгі жалпы білім, 10-11-сыныптарда жалпы орта білім беріледі. Қоғамдық-әлеуметтік сұраныстарға сай, көп бағдарлы бағытта жұмыстанады. Жоғары сатыда (жаратылыстану-математикалық) бағытта, жұмыстанады.

Мектепте 9 оқу кабинеті, кітапхана жұмыс істейді. Мектептегі биология, мультимедия кабинеттері интерактивті тақта, зертханалық құралдармен жабдықталған.

Мультимедия кабинеті интернет желісіне қосылған.

Кітапханадағы жалпы кітап қоры –6218 , оқулықтар-1334 , әдістемелік нұсқаулықтар-1631 , электронды оқулық -165.

2016-2017 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша білім сапасы - 65 %.

Мұғалімдер саны – 31. І санатты -11, ІІ санатты -10, санаты жоқ-10, сапалық құрамы -67,4%.

ҚР Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасының курсынан 2 педагог ( ІІІ деңгей - 2) өтті. Мұғалімдер инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта кеңінен пайдаланады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ